Прокурор Байжановқа тағылған айыптардың бірін алып тастауды сұрады
Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Прокурор қылмысын жасырды деп сотқа тартылған Бақытжан Байжановқа тағылған бапты өзгертуді сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жоғарғы сот
29 сәуірде жарыссөз басталуы керек еді. Сот отырысының алдында мемлекеттік айыпталушы тергеуді қайта жаңартуды талап етіп, бапты өзгертуді сұрады.
“Байжановқа тағылған қылмыстық кодекстің 434-бабы “Қылмысты хабарламау” бойынша айыпты 432-бабы “Аса ауыр қылмысты жасыру” деп өзгерту қажет. Өйткені ол аса ауыр қылмыстың болғанын біле тұра, құзырлы органдардың ресторанға кіруіне кедергі келтіріп, саналы түрде марқұмды жасыруға тырысты”, – деді прокурор.
Енді тергеу үшін сот созылады. Келесі сот отырысы 2 мамырда болады.
Еске салсақ, бүгін 10:00-де сот басталуы керек еді. Бірақ Бишімбаев пен Байжанов сот отырысына келмей қалды.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?