Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тілінде қате қолданып жүрген сөздерді білесіз бе

Қате қолданып жүрген сөздердің 3-топтамасын назарға ұсынамыз.

Фото: Stan.kz коллажы

Күюм. Дұрысы – күйеуім

Жатырғам. Дұрысы – жатырмын

Отырық. Дұрысы – отырмыз

Біздер. Дұрысы – біз 

Кіліт. Дұрысы – кілт

Няғып отсың. Дұрысы – не істеп отырсың

Ағымдағы жыл. Дұрысы – биыл, осы жыл, бұл жыл

Еске салайық, Stan.kz ақпарат агенттігі 24 мамырда республикалық онлайн диктант өткізеді. Осылайша біз қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мәселесіне жіті көңіл бөлгіміз келеді. Осы ретте енді біз қала көшелеріне шығып, стендтер мен билбордтардағы, жарнама беттеріндегі қазақша жазулардың дұрыс жазылуын тексереміз, қателерін анықтаймыз. Қай жері қате және оны қалай түзеуге болатынын қарастырамыз. Қала көшелерінде, аудан орталықтарында қазақша қате жазылған тіркестерді бізге жіберу арқылы, шараға сіз де атсалыса аласыз!  Қатені фото-видеоға түсіріп, біздің Instagram-ға жіберіңіз.

Талқылау