Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көп қате жіберді": Бишімбаевтың анасы Салтанаттың ұлын үнемі кемсітіп, балағаттағынын айтты

Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев ұлы мен келінінің бір-бірімен түсінісе алмай жүргенін көрген соң Салтанаттан баласымен айырылысуын сұраған. Алайда Салтанат қайын атасының бұл өтінішінен бас тартқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Наталья Грэйстің сұхбатына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ашық дереккөзден/әлеуметтік желіден

Уәлихан Бишімбаев Салтанаттың не себепті ұлынан айырылмай қойғанын айтты. 

“Мен Салтанаттың өзімен сөйлестім. “Егер сендер бірге тұра алмасаңдар, бір-біріңді жайыңа қалдырыңдар. Сен үнемі Павлодарға кетемін дейсің. Онда мен апарып тастайын” деп айттым. Отадан шыққаныма қарамастан апарып тастамақ болдым. Бірақ ол маған “Мен не, ақымақпын ба? Менің пәтерім бар, жағдайымды жасап отырған күйеуім мен мейрамханам бар. Павлодарда мен ешкімге керек емеспін” деді. Мен не айтарымды білмей қалдым. “Сонда отбасының жайлылығы қайда қалды? Отбасының берекесі – әйел. Махаббат, мейірім, күйеуге деген қамқорлық қайда қалды? Күйеуің сенің жағдайыңды жасап, түзде жүреді. Оған қамқорлық жасауың керек” деп айттым”, – дейді Уәлихан Бишімбаев ағынан жарылып.



Альмира Нұрлыбекова үнемі ұлының тілеуін тілеп отыруды әдетке айналдырған. Экс-министрдің анасы баласының қайда жүрсе де әділетсіздікке жол бермейтін, адал адам екенін қайталаудан жалықпады.

“Күні-түні жатсам да, тұрсам да, Алладан баламды, бізді кешіруін сұраймын. Иә, менің ұлым кінәлі. Ол өз ісіне өкінеді. Оның жасаған әрекеті осындай қайғылы жағдайға әкеп соқты. Соттан, алқабилерден, адамдардан балама рақымшылық жасауын сұраймын. Сот оның жасаған ісіне лайық жаза тағайындады. Ал қоғам Қуандықтың кезінде шенеунік болғанын алға тартып, оны бет алды айыптап жатыр. Тіпті тегіне де тиісіп жатады. Өйткені біздің тегімізді көбі біледі. Мен оның қайда болмасын, тіпті лауазымды қызметте жүргенде де ол өз ісіне жауапты, әділ, адал болғанын білемін”, – дейді Альмира Нұрлыбекова. 

Бишімбаевтың анасының айтуынша, Салтанат Қуандыққа дөрекі сөйлеп, кемсітіп, оған балағат сөздер айтқан. 

“Әрине, ол көп қате жіберді. Бірақ ер азаматтың намысына тиюге болмайды. Егер сен ол азаматты жақсы көрсең, онымен бірге тұрып, отбасы құрғың келсе, оны қорламауың керек. Ол азаматты балғаттауға, оған дауыс көтеріп, айғайлауға болмайды. Бірде мен Салтанатқа “Оны балағаттап, оған айғайлауға қандай құқығың бар? Бізге ондай нәрсе жат” деп ескерту жасадым”, – дейді Альмира Нұрлыбекова марқұм келінінің бейәдеп қылық көрсеткенін айтып. 

Бұған дейін Бишімбаевтың анасы ішкілікке салынған ұлы мен келінінің қарым-қатынасы туралы айтқан еді. 

Талқылау
Пікір
Sake3578
30 Сәу, 24 жыл - 22:31

Барлығы бір Аллаға аян ...