Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 81 млрд теңгеден астам қаржы аударған

2020 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша медициналық сақтандыру қорына шамамен 421,8 млрд теңге түсті. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы бойынша филиалының өкілдері хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Барлық қаражаттың бестен бір бөлігі бұрынғысынша Алматыға тиесілі. Жалпы, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2020 жылдың 29 қыркүйегіне дейін Алматыдан МӘМС-ке түсетін түсімдердің жалпы сомасы 1,7 млн адамға 81,2 млрд теңгеден асты.


Түсімдердің негізгі бөлігі немесе 67,9 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің аударымдары, қалған 13,3 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдардың жарналары.

Сондай-ақ, ай сайын БЖТ төлеушілердің өсуі байқалады. 2019 жылдың басынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған 193 мыңнан астам алматылық өзіне бірыңғай жиынтық төлемді 312,6 млн теңге сомасында төледі.

Талқылау