Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық курсанттың өлімінен соң өзге ата-аналар тың мәліметтер айтты

Алматы ішкі істер министрлігінің академиясында асылған күйінде табылған 19 жастағы курсант Саламат Өтегеновтің анасы тың мәліметтер айтты. Айтуынша, ұлының өлімінен соң академия курсанттарының ата-аналары онымен хабарласа бастаған.

Ұлының қайтыс болғаны туралы мақала жарияланғаннан кейін академия курсанттарының өзге ата-аналары тың ақпарат айтты, деп хабарлайды "Уральская неделя".

Марқұм курсанттың анасының айтуынша, ата-аналар ұлдарының оқу орындарындағы бопсалау мен қысымға ұшырағанын айтқан.

«Менің ұлым туралы мақала жарияланғаннан кейін маған WhatsApp-қа ІІМ академиялары курсанттарының тағы екі ата-анасы хат жазды. Олар балалары қай академияда оқитынын айтпады, бірақ жазған адамдардың бірі оның баласы қысым көріп, ішкі істер министрлігінің академиясынан шығып кеткенін айтты. Екінші ата-ана баласы оқитын академияда курсанттардан ақша жинау фактілері болғанын айтты», - деді Бекзат Иманғалиева.

Бекзат Иманғалиеваға хат жазған ата-аналар аты-жөнін ашық айтпайды. Журналистерге сұхбат беруге келіскен жоқ.

Еске салайық, 13 желтоқсанда Алматы ІІМ академиясының курсанты Саламат Өтегенов асылып тұрған күйінде табылды. Көз жұмар алдында жас жігіт үлкен ағасынан ақша сұраған. Марқұмның туыстары мекеме қабырғасында үнемі ақша бопсалаушылықтар болатынын жариялады.

Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен академия бастығы Смайылов сеніп тапсырылған бөлімдегі жұмысты ұйымдастыруды тиісті бақылауға алмағандығы үшін қызметінен босатылып, Академияның тағы 16 аға қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың 5-уі де қызметінен босатылды.

STAN.KZ
Сенбі, 26 Желтоқсан, 2020 15:14
Талқылау