Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Курсант өлімінен кейін ІІМ Алматы академиясының бастығы қызметінен босатылды

Мақан Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының курсанты Саламат Өтегеновтің көз жұмуына байланысты Алматы қаласының Полиция департаменті тергеу жүргізуде. Іс ҚР ҚК-нің 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша сотқа жіберілді.  Өзіне сеніп тапсырылған бөлімшеде жұмысты ұйымдастыруға тиісті бақылау жүргізбегендіктен Ішкі істер министрінің бұйрығымен Академия бастығы О. Х. Смайылов лауазымынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқу орнына Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты және өзіндік қауіпсіздік департаменттерінің басшылығы мен жауапты қызметкерлерінен арнайы топ жіберілді.

Тексеру қорытындысы бойынша ІІМ-де тәртіптік комиссия өтті.

Өзіне сеніп тапсырылған бөлімшеде жұмысты ұйымдастыруға тиісті бақылау жүргізбегендіктен Ішкі істер министрінің бұйрығымен Академия бастығы О. Х. Смайылов атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, оның идеологиялық тәрбие және кадр жұмысына жетекшілік ететін орынбасарын да қызметінен босату ұсынылды.
Сонымен қатар, Академияның тағы 16 жауапты қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың 5-уі атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.

Академияның оқу процесіне, тұрмыстық жағдайларына, моральдық-психологиялық ахуалына, қаржы-шаруашылық қызметіне кешенді тексеру тағайындалды. Оқу орнына Министрліктің Ішкі аудит, Кадр саясаты және Өзіндік қауіпсіздік департаменттерінің қызметкерлері жіберілді.

Министр Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша осындай тексерулер 2021 жылдың 1 тоқсанында ІІМ-нің барлық оқу орындарында жүргізіледі.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің академиясында үшінші курста оқитын 19 жастағы курсант өз-өзіне қол жұмсады.

Талқылау