Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тұрғын үй кешеніндегі өрт: Шенеуніктер тұрғындардың талабына жауап берді

Алматыдағы Алатау ауданының әкімдігі 1 тамыз күні өрт шыққан "Ақкент" тұрғын үй кешені тұрғындарының талабына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Олар бұған дейін жалдамалы баспана таба алмай шағымданған еді. Ал әкімдік өрттен зардап шеккендерге баспананы жалға беру үшін ақша бөлуді өз мойнына алған. Алайда өртке оранған кешеннің тұрғыны Сабина Қасымжанова жалға берушілермен мәселе туындағанын жеткізді. Оның айтуынша, жалға берушілер депозит талап етіп, шенеуніктер берген келісім-шартқа қол қоюдан бас тартқан.

"С. Қасымжанова пәтер жалдау үшін депозит сұрады. Аудан әкімі А. Қалдыбеков кепіл сомасын ұсынудың мүмкін еместігі туралы түсіндірме берді. Өйткені бұл жалға алынған мүлікке ықтимал залалды өтеуге арналған сақтандыру сомасы. Ол жалға алушы кеткеннен кейін пәтерге залал келмеген жағдайда қайтарылады. Яғни бұл жалға алушының жеке жауапкершілігі. Сонымен қатар аудан әкімдігі Ақкент шағын ауданы 54-үйді қалпына келтіру мерзіміне дейін, яғни екі айға төлем жасайды. Осылайша, екінші айдың сомасы депозит ретінде қызмет етеді", - деді Алатау ауданы әкімдігі.

Қазіргі таңда әйел уақытша тұратын жер тапқан. Қалған тұрғындардың баспана мәселесі шешілуде. Бүгінде бірден екі айға 75 өтемақы төлеу шарты жасалған.

Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматыда 16 қабатты тұрғын үй кешенінде сағат 17:00 шамасында өрт шыққан болатын. Өрттен қашқан тұрғындар пәтерлерінің терезелерінен секіріп, балаларын сыртқа лақтырған еді

Талқылау