Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда такси көліктеріне автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

Алматыда таксилерге қоғамдық көлік жолымен жүруге рұқсат береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Соңғы уақытта тұрғындардан такси тасымалы қызметтерінің сапасыздығы, атап айтқанда, қымбаттатылған бағамен тасымалдау, жол жүру чектерін бермеу, жүргізушілердің дөрекі әрекеттері туралы шағымдар жиілеп кетті. Такси тасымалдаушыларын көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, сондай-ақ ашықтықты қамтамасыз етуге және осы саладағы көлеңкелі айналымнан қаражат алу мақсатында әкімдік такси нарығын ұйымдастыруды қарастыруда», - деп жазды Алматы әкімдігінің ресми өкілі Әсет Мұқажанов Instagram-да.

Осыған байланысты, заң талаптарына сәйкес келетін ресми тіркелген такси кабиналарына (таксиметр, кассалық аппараттар, сәйкестендіру белгілері, таксилерге арналған бренд, жолаушылар салонындағы ақпарат тақтасы) такси қозғалысының жолақтарына автобус жолымен жүруге рұқсат беру жоспарлануда.

Талқылау