Алматы облысында кәмелетке толмаған баланы азғындады деген күдікті тергеу изоляторында асылып қалды
Алматы облысы Талғар қаласындағы уақытша ұстау изоляторында ер адам асылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

19 жастағы бұрын сотты болған ер адам 3 желтоқсанда ұсталып, полиция басқармасындағы тергеу изоляторына қамалған. Ол Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) күдікті деп танылған.
"5 желтоқсанда 13:55 шамасында уақытша ұстау изоляторында болған күдікті асылып қалды", – делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Қазір бұл дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі "Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу" бойынша тіркеліп, іс қозғалды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан