Алматы облысында ер адам бір топ баланы қағып кетті: Министрлік балалардың жағдайы туралы айтты
Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен балалардың жағдайы туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният балалардың жағдайы ауыр екенін жеткізді. Министрлік балалардың жағдайын бақылауында ұстап отыр.
"Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы жағдай орын ала сала тиісті ақпаратпен бөлісті. Қазір балалардың жағдайы ауыр. Барлық ақпарат министрлікке берілді. Бұл оқиғаны бақылауда ұстап отырмыз", - дейді Ажар Ғиният.
Еске салсақ, Алматы облысында ер адам мектептен қайтқан төрт баланы қағып кеткен. Балалардың біреуі ешқандай жарақат алған жоқ. Қалғандарының жағдайы ауыр.
Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасы Еңбекшіқазақ ауданы, Корам ауылында болған.
Ақпаратты денсаулық сақтау басқармасы растады, онда жарақат алған үш оқушы қыз Шелек ауылдық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында болғандығы туралы хабарланды.
Екі қыздың жағдайы өте ауыр екендігі нақтыланды. Барлығына сан сүйегінің, төменгі аяғының сынуы, мидың контузиясы, қатар жүретін жарақаттар, мидың зақымдануы, травматикалық шок және 3-4 дәрежелі кома түрінде ауыр жарақаттар диагнозы қойылды. Балалардың екеуі механикалық желдетуде.