Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласында жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Алматы қаласында жаяу жүргіншіні автокөлік қағып кеткен, жарақат салдарынан ол сол жерде қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі СТВ арнасының "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Сурет: "Территория происшествий" бағдарламасынан

Куәгерлердің сөзінше, Hyundai автокөлігі қаланың оңтүстігіне қарай Сейфуллин даңғылымен келе жатқан. Жаяу жүргінші жолды өтуге болмайтын жерден кесіп өтпекші болған. Жүргізуші алдынан шыққан адамды көрген, алайда көлікті тоқтатып үлгермепті. 

1977 жылғы азамат ауыр жарақаттардан оқиға орнында қаза тапты.  Кейіннен  куәгерлер ер адамның бірнеше рет көлік астына түспекші болғанын айтты. 
 

Талқылау