Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы билбордтарындағы есірткі жарнамасы: "челендж" партнері болған блогердің әңгімесі

Ташкенттің атақты блогері Шахзода Салимжанова Алматыдағы есірткі жарнамаланған баннерлерге қандай қатысы барын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі inAlmaty.kz  сайтына сілтеме жасап.

Алматы билбордтарындағы есірткі жарнамасы: «челендж» серіктесі болған блогердің әңгімесі

Сурет: leo_17s, Ш.Салимжанова инстарграм парақшасы

Қазіргі таңда блогердің (leo_17s) инстаграм парақшасында 783 мың оқырманы бар. Бір ай бұрын белгісіз біреулер оның блогы мен жеке брендын тегін жарнамалап береміз деп жобаға қатысуын ұсынады. 

«Біздің жобамыздың пиары онлайн және оффлайн жарнама негізінде жүзеге асады. Оффлайн жарнама ауқымды өтеді – баннер, билборд, промоутер, көліктерде жарнама болады. Сіздің есіміңіз бен фотоңыз 4 елде, 10 қаладағы барлық макеттерде көрсетіледі», - деп жазған жарнама менеджерлерінің бірі.

Келісім бойынша, Шахзода пост жазып, жаңа «челлендждің» шарттарын: билбордпен фотоға түсіп, оны өз парақшасына жүктеу керектігін хабарлаған. Аталған шартты орындаған желі қолданушылары  iPhone мен басқа сыйлықтар ойнатылатын конкурсқа автоматты түрде қатыса алады деп түсіндірілген. 

«Баннерлерде шын мәнінде есірткі жарнамаланғанын білген соң, постты бірден өшіріп тастадым. Маған хабарласқан менеджер қыздың өзі бұл жағдайдан бейхабар екендігін айтты. Осы жобаға жетекшілік етеді деген екі ер азамматтың нөмірін жіберді, алайда олар менің қоңырауыма жауап бермейді. Бұл жағдайда блогерлер кінәлі деп ойламаймын, ешкім есірткі туралы білген жоқ», - дейді Шахзода.

Блогерге  дайрект арқылы жазып, мән-жайды түсіндірген оқырманы екен. Шахзода жарнамаға тапсырыс берген азаматтардың атына сотқа арыз жазбақ.

Бұған дейін есірткі жарнамасына қатысты 8 баннер анықталған еді. Жарнама компаниясына айыппұл салынып, қаладағы барлық баннерлер алынып тасталған болатын.

Талқылау