Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда есірткіні жарнамалаған компания қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр

Оңтүстік астанада есірткіні жарнамалаған компанияға 757 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматыдағы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасында "Сыртқы жарнама - Өңірлер" өкілі, 1973 жылғы азамат ҚР ӘҚБТК-ның 423-ші бабы (Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау) бойынша жауапкершілікке тартылғанын айтты. Айыппұл көлемі 300 АЕК (757 мың 500 теңге)

"Осыдан бөлек, тапсырыс берушінің кім екені анықталды. Ол - жеке тұлға. Қарағанды қаласының тұрғыны. Ол туралы барлық ақпарат заң жүзінде сәйкесінше жаза тағайындайтын Қарағанды облысындағы әріптестерімізге берілді. Тапсырыс беруші жарнаманы елдің төрт өңірінде: Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды және Өскемен қаласында жариялағысы келген. Қазіргі уақытта Алматыдағы екі билборд алынды", — деп хабарлады Алматы қаласындағы полиция департаменті, есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізетін басқарманың жетекшісі, полиция подполковнигі Ерлан Алмағамбетов. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматыда есірткі жарнамасы пайда болғанын жазып едік.
 

Талқылау