Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы-1 станциясының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Алматы-1 станцяисының басшысы пара алды деп күдіктелуде. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі жемқорлыққа қарсы Агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

алматы

Ол араға делдал салу арқылы жалға берілетін контейнерлерді қайтару және еш кедергісіз тексеру үшін жеке компания өкілінен 370 мың теңге мөлшерінде пара алды деп күдіктелуде.

«Алматы қаласының Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департаменті «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының «Алматы-1» станциясы басшысының пара алу фактісін анықтады», – деп хабарлады Антикоррупциялық қызметі.

Күдікті кінәсін толық мойындағандықтан, ол қамауға алынбаған. Тергеу жалғасуда. 

Талқылау