Соңғы жаңалықтар

Алманы жеуге болмайтын адамдар тобы аталды

Диетолог Елена Соломатина алманы жеуге болмайтын адамдардың санатын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Соломатина алма ас қорыту проблемалары бар адамдар үшін айтарлықтай қауіпті екенін ескертті. Бұл жемістерді гастрит немесе ойық жарамен ауыратын және асқазанның қышқылдығы жоғары адамдар жеуге болмайды. Сонымен қатар, алманың қышқыл сорттары тіс эмалын жұқартуы мүмкін. Алма жегеннен кейін диетолог аузды шаюға немесе тістерді тазартуға кеңес берді.

Қант диабетімен ауыратындар алманың тәтті сорттарын пайдаланбауы керек. Олар қантқа бай және глюкоза деңгейін жоғарылатады. Артық салмағы бар адамдарға да тәтті жемістерді жеуге болмайды.



Жалпы, алма адам ағзасына пайдалы, дейді Соломатина. Бұл жемісте пектиндер, макро және микроэлементтер, С дәрумені, антиоксиданттар, кверцетин, сонымен қатар организмдегі су мен қышқыл-негіз тепе-теңдігіне әсер ететін калий көп. Алма ас қорытуды жақсартады, дейді дәрігер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр