Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алла ұлық": Жорабаева қызының оқуға түскенін айтып мақтанды

Алтынай Жорабаеваның тұңғыш қызы жоғарғы оқу орнына түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қуанышты жаңалығын әнші желідегі парақшасында бөліскен. Жақында ғана мектеп бітірген Аяулым менеджмент мамандығы бойынша білім алмақ. Астанадағы қазақ ұлттық музыка академиясының негізінде құрылған өнер университетінде білім алатын Жорабаеваның қызы шығармашылықтан алыс кетпеген сияқты.

"Аллаға мың, миллион шүкірлер. Алла ұлық! Алақай! Аяулымым, балапаным Қазақ ұлттық өнер университетінің "Арт - менеджмент" мамандығына оқуға түсті. Міне қазір, сағат тура 00:00-де топтарының чатына емтиxанның нәтижесін салды. Алтыным! Балапаным! Мақтанышым! Құттықтаймын, құлыншағым", - дейді Алтынай Жорабаева.

Сонымен қатар, жұлдызды ана қызының болашақта жақсы адам болып өсуін тілеп, көркем мінез атаулыны тізбектеп шыққан. Оған қоса, әнші ақ тілек білдірген ағайынға алғыс айтуды да ұмытпады.

"Алла абыройлы етсін! Иманды, көркем мінезді, білімді, ілімді, саналы, парасатты болуыңды тілеймін, ботам. Сіздердің тілеген тілектеріңіз еселеп қайтсын өздеріңізге. Раxмет, баршаңызға", - дейді Алтынай Жорабаева.

Талқылау