Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғаш рет ВИЧ-ке шалдыққан науқас медициналық көмексіз аурудан айықты

Калифорния тұрғыны 66 жастағы Лорин Уилленбер медициналық көмексіз ЖИТС-тан (ВИЧ) өздігінен емделді. Бұл туралы Nature порталындағы мақалада айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

Зерттеушілер әйелді иммун тапшылығы вирусымен өмір сүре алатын адамдармен бірге тексерістен өткізген. Олар денсаулықты қалыпта ұстауға арналған дәрі-дәрмектерді қабылдамайды. Осындай барлығы 64 науқас бақылауда болған.

Шамамен 25 жыл бұрын Лорин Уилленберге осы диагноз қойылған. Ғалымдар Лорин Уилленбер диагнозына қызығушылық білдірген. Бастапқы қан анализі одан ЖИТС іздерін анықтамаған, бірақ одан әрі зерттеу вирустың жасушалары әлі де бар екенін көрсетті, алайда олардың ешқайсысы одан әрі қарай көбейе алмайды.


Күзде иммунитетті күшейтетін тағамдар тізімі белгілі болды 


Вирусологтардың пікірінше, әйелді иммунитеті терапиясыз және сүйек кемігін трансплантацияламай ЖИТС-ті жеңген тарихтағы алғашқы адам деп атауға болады.

Мақала авторларының айтуынша, қазіргі уақытта сарапшыларға бұл жағдайды алғашқы және жалғыз деп жариялау үшін нақты ақпарат жетіспейді. Қалай болғанда да, дәрігерлер осы іс бойынша одан әрі жұмыс істеуге ниетті.

Бұған дейін ЖИТС-тан емделіп шыққан үш науқас туралы белгілі болған. Олардың екеуі қатерлі ісік ауруын емдеу кезінде сүйек кемігін трансплантациялады, ал екіншісі никотинамидпен (дәрумендік препарат-авт.) бірге антиретровирустық препараттардың агрессивті комбинациясын қабылдады.

 

STAN.KZ
Жұма, 28 Тамыз, 2020 08:14
Талқылау