Әлемге әйгілі опера әншісі Димаш Құдайбергенге бірге дуэт жазуды ұсынды (видео)
Әлемге әйгілі испандық опера әншісі әрі дирижер Пласидо Доминго қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге дуэт жазуға ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DearsDimash EurasianFanClub YouTube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан алынды
Дирижер Пласидо Доминго Димашты оған немересі таныстырғанын айтты.
"Немереме өнерің ұнайды. Ол қазір небәрі 18 жаста, әрі барабаншы. Сені YouTube-тен көрген екен. Ол сенде алты октава бар екенін айтып, таңданысын жасырмады. Бірге дуэт жазайық. Мен 20 жасымда өз дауысыммен ән айта алатынмын. Қазір тенорға тесситура жетпей жатыр. Бірақ сіздің жасыңызда қиындық тудырмайды деп ойлаймын. Егер ыңғайлы болса ертең репетиция жасайық", - деді 82 жастағы маэстро.
Ал Димаш әлемдік опера әншісіне бес жасынан бастап әнін тыңдап өскенін жеткізді.
"Сізбен кездесу мен үшін үлкен мәртебе. Үйде сіздің концертіңіздің кассеталық жазбасы бар еді. Бес жасымнан бастап соны тыңдап, музыкаға сіздің арқаңызда келдім", - деп жауап берді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ