Әлемде коронавируспен ауыратын адамдар саны 15 миллионға жақындады
Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 15 миллион адамға жетеді. Қазіргі таңда індетті жұқтырғандар саны 14,9 миллион адамнан асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлемде COVID-19 жұқтыру бойынша АҚШ көш бастап тұр. Ол жақта 3902058 оқиға тіркелген. Екінші орында Бразилия - 2159654 адам.
Қауіпті вирусты 1193078 адам жұқтырған Үндістан - үшінші орында. Ал көршілес Ресей елінде 782040 жағдай тіркелді.
Коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғаларының "ондығына" Оңтүстік Африка (381798 адам), Перу (362087 адам), Мексика (356255 адам), Чили (334683 адам), Ұлыбритания (297389 адам) және Иран (278827 адам) кірді.
Әлем бойынша індеттен 616443 адам көз жұмды, оның 142066-сы АҚШ-та тіркелді. Бразилияда індеттен 81487 адам көз жұмды.
Ұлыбритания мен Мексикада 45507 және 40400 адам көз жұмған.
Өлім бойынша он мың адамнан асқандер тізімде Италия, Франция, Үндістан, Испания және басқа да елдер бар.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ