Александр Лукашенко Беларусь халқынан елді құтқаруға мүмкіндік беруін сұрады
Беларусь президенті Александр Лукашенко сайлауда беларусь халқының кез-келген шешімін қабыл алатынын айтты. Ол бұл туралы ел халқы мен парламентіне жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенеттігі.
Алайда ол адамдарды Беларуське "опасыздық жасамауға" шақырды, өйткені "сатқындық тіпті көкте де кешірілмейді".
"Егер сіз бірдеңеге дайын болмасаңыз, шетке шығыңыз. Бөгет жасамаңыз, аяққа оратылмаңыз. Елді құтқаруға мүмкіндік беріңіз", - деді Беларусь басшысы.
Лукашенконың айтуынша, билік бір-екі жылдан кейін қиын жағдайды "шешіп", содан кейін олар Беларусь халқына қажет нәрсені жасайды. Беларусь басшысы қиын кезеңде ешнәрсені эмоциямен шешуге болмайтынын атап өтті.
Сонымен қатар, ол егер Беларусьте жағдайдың тұрақсыздығы мен төңкеріс орын алса "Владивостокқа дейінгі өрт" одан әрі өршуі мүмкін екенін айтты.
"Мұнда ядролық қаруды лақтырмаңыз. Жағдайды ушықтырмаңыз, өйткені ол өршіп кетуі мүмкн, соның әсерінен Владивостокқа қиын болады", - деді Александр Лукашенко 9 тамызда болатын сайлаудың алдында.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
