Синоптиктер еліміздің қай аймақтарында үсік жүретінін айтты
Қазгидромет 21-23 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Атмосфералық фронтальді жүйелермен батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады. Елдің солтүстігі мен шығысында екпінді желмен аздаған жауын-шашын болады. Ауа температурасы елдің батысында түнде 3-17, күндіз 12-28 жылы, солтүстік-батыста түнде 0-7 жылы, кей жерлерде 3 градус үсік жүреді.
Ал орталықта және облыстың шығысында түнде 0-5 жылы, 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 17-28 градус жылы болады.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ