Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер Қазақстанға қоңыр күз қашан келетінін айтты

Қазгидромет Қазақстанға қоңыр күз қашан келетінін және алдағы айда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағының солтүстік жартысына Солтүстік теңіз аудандарынан суық ауа массалары ығысады. Соған байланысты түнгі уақытта ауа температурасы айтарлықтай төмендейді: 3°С дейін үсік жүріп, күндіз +8+12°С дейін жылынады.

Оңтүстік өңірлерде ағымдағы онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде +15+20°С-тан +5+15°С-қа дейін, күндіз +27+35°С-тан +22+27°С-қа дейін түседі деп болжанып отыр.

Үшінші онкүндіктің басында республика аумағына Иран аудандарынан жылы ауа массалары ауысып, соның әсерінен температуралық фон біртіндеп көтеріледі.



Алдымен елдің батысында сынап бағанасы күндіз +20+25°С дейін көтеріліп, келесі күндері Қазақстанның қалған өңірлерінде де күн жылиды. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы +17+25°С дейін жоғарылайды, орталық және шығыста +20+28°C дейін, оңтүстік өңірлерде +28+33°С дейін ыстық болады.

Алдын ала болжамға сәйкес, қазан айының екінші онкүндігінде де күн жылы болады, алайда түнгі уақытта температура түседі: батыста түнде +5+13°С, күндіз +23+28°С дейін, солтүстік өңірлерде түнде +2+9°С, күндіз +15+23°С, оңтүстік өңірлерде түнде +8+15°С, күндіз +22+30°С жылы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр