Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Айсұлу Әзімбаева ел алдында сүйіктісіне өз сезімін білдірді

Айсұлу Әзімбаева сүйіктісі Шыңғыс Капинге ел алдында сезімін білдірді. Актриса желідегі парақшасында актерге деген сезімінің ғаламат екенін жазды.

айсулу шынгс_10

«Тіпті мына ғаламның өзі сені қаншалықты қатты жақсы көруге болатынын түсінбейді, Шыңғыс! Ессіз, шектеусіз, ғаламат, адам төзгісіз махаббатпен сүйемін сені! Менің ең талантты, ең әдемі, ең ерекше, ең кемеңгер, ең сүйіктім», – дейді Айсұлу.

Актер мен актриса үнемі бірге жүреді. Алайда олар үнемі екеуін шығармашылық пен достықтан өзге ештеңе байланыстырмайтынын айтатын.

Айсұлудың бұл жазбасын көрген желі қолданушылары бір жағынан таңырқап қалса, екінші жағынан күдіктерінің расталғанына қуанды.

“Өтінемін екеуміз ғашықтармыз деп айтыңыздаршы”, “Мен негізі білгем”, “Дос ретінде ме әлде жігіт ретінде жақсы көресіз бе?”, “Неткен ғажап сурет және сезім білдіру. Ех, екеуіңіз де күштісіздер. Сіздердің спектакльдеріңізге барғым келіп тұр”, “Бұл махаббатты өзгелер түсіне алмайды, алайда бұл әйел мен ердің арасында болатын махаббат емес”, – деп пікір білдірді олар.

 

Жіберіп алмаңыз:

Гүлнұр Оразымбетова елді шулатқан “қорқынышты” суретіне қатысты пікір білдірді

Қазақстандық актрисалар танымал фотографтың алдында шешініп тастады (фото, видео)

Актриса Бибігүл Ақтан шаңырақ бейнеленген патриоттық татуировкасын көрсетті

Лидо өз киімдерін сатып түскен қаржыны ауыр науқасқа шалдыққан балаға сыйламақ

 

 

 

Талқылау