Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында бұрынғы әкім 3 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді

Ақтөбе облысының ауылында тұратын әйел 3 жасар қызын туысқан ағасы зорлағанын айтып шағымданды. “Немолчи” қорының басшысы Дина Таңсәрі жағдай туралы желіде айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

зорлау

Фото: Pixabay.com

Ақтөбелік әйелдің айтуынша, 3 жасар қызы туыстарының үйіне барған. Үйге оралған соң ол үлкен аға қысым жасағанын айтқан. Анасы бірден баланы ауруханаға апарған. Дәрігер зақым келгенін мәлімдеген.

“Дәрігер артқы жағында 2 см сызат барын растады. Әйел дереу полицияға арыз берді, бірақ күдікті жазадан сытылып кете ме деп қорқады. Айтуынша, ол бұған дейін полиция қызметкері, тіпті әкім болған. Оны ауылдағылардың бәрі таниды, таныстарының көмегімен істі жылы жаба ма деп алаңдаулы”, – деді Таңсәрі.



Кей деректерге сәйкес күдікті ішкі істер органдарында қызмет еткеннен кейін Қобды ауданының ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеп үлгерген.

Сөзінше, кішкентай қыз психологиялық соққы алып, үркіп қалған. 

“Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Барлық қажет сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда №10 мектептің күзетшісі бала зорламақ болғаны айтылған еді. 

Талқылау