Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та итін аусыз зәбірлеген ер адамға үкім шықты

Америкадағы Оңтүстік Каролина штатының тұрғыны өзінің итіне тым дөрекі түрде қарағаны үшін бас бостандығынан айырылды.

17457411_10155124743656369_2621214578159484545_n

Қожайынынан әбден зорлық-зомбылық көрген итке хирургиялық операция жасағаннан басқа жол қалмаған. Уильям Додсон үй жануарының денесін скотчпен шандып байлап тастап, нәтижесінде денесі түгелдей ісініп, қан жүрмей қалғандықтан тілі қарайып кеткен.

Аймақтық судья Маркли Деннис 42 жастағы Ульям Додсонға мейлінше ауыр жаза кесті. Судьяның айтуынша, Кейтлин есімді ит 2015 жылы ауыр жағдайда табылған. Veterinarians at the Animal Society қызметкерлері 36 сағат бойы иттің денесінен скотчты ажыратып алу үшін арпалысыпты. Ал қожайыны болса бір күн өтпестен жатып, үкімді қабылдады. Ол заңсыз қару сақтағаны үшін 15 жылға түрмеге отыратын болды.

Ол екі жазаны қатар өтейтін болады.

Оқи отырыңыз:

Қырғызстан президенті Атамбаев ата атанды

Селфи жасамақ болған қытайлық азамат құздан құлап кетті (видео)

Қазақстан бақытты елдер арасында нешінші орынға ие?

Араб шейхтары канадалық мұғалімге миллион доллар сыйлады

Талқылау