Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Араб шейхтары канадалық мұғалімге миллион доллар сыйлады

Араб шейхтары зорлықтан қорғану бойынша сабақ өткізген канадалық мұғалімге 1 млн доллар сыйға тартты.

46bd4475f28626b74a926e11f2b34ea1_XL

Фото: AP/EAST NEWS

Мэгги Макдоннел “өз оқушыларын жақсы өмірге қарай бейімдеп, қоғамның білімін арттырғаны үшін” марапатталды. Соңғы алты жылда ол Квебек провинциясындағы Саллюи елдімекенінде Солтүстік Американы мекендейтін инуиттер халқына тәлім берген. Мұғалімді таныстырған мәліметтер бойынша бұл өлкеде өзін-өзі өлтіру көрсеткіші өршіп тұрған екен. Макдоннелдің сөзінше, ол өзі он шақты суицидке өз көзімен куә болыпты.

“Мен сыныпқа кірген кезде бір парта бос тұрады, балалар дұға жасап отырады. Бүкіл әлемнің бұл проблемаға назар аударғанына рахмет айтамын”, – деді Мэгки Макдоннел.

Ерте жүктілік пен сексуалды зорлық өршіп тұрған ортада ол жергілікті қыздарды өмірлік қағидаларға үйрететін бағдарлама құрастырады. Көптеген мұғалімдер жұмыс орнындағы қиыншылықтың кесірінен өз қызметтерін тастап кеткен. Ал Макдоннел болса олардан бас тартпай, керісінше олардың ата-анасына айналады. Конкурстағы жеңісімен Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо бейнеүндеу жолдап құттықтады.

Конкурсқа 179 елден 20 000 мұғалім қатысқан. Ал финалда тек солардың 10-ы ғана қалған.

Бұл атаулы сыйлық үш жыл бұрын әлем назарына ұсынылған еді. Оны Varkey Foundation коммерциялық емес ұйымы қолдайды. Бас офисі Дубай қаласында орналасқан.

Оқи отырыңыз:

Ер адам баласын аңдимын деп әйелінің бөтен еркекпен секспен айналысқанын байқап қалды (видео)

Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде намаз оқып тұрған азамат сәждеде көз жұмды (фото)

42 жастағы америкалық әйел кәмелетке толмаған оқушыларды зорлағаны үшін жауапқа тартылды

Қырғызстан президентінің қызы жалаңаш суретін жариялап елдің сынына ілікті

Талқылау