Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан бақытты елдер арасында нешінші орынға ие?

Қазақстан мемлекетінің бақытты елдер рейтінгінде нешінші орынға ие болғаны белгілі болды.

1333614035_astana

 

Қазақстан бақытты елдер арасында 60-шы орынға ие болды. Халықаралық SDSN ұйымының сарапшылары БҰҰ тапсырмасы бойынша 155 мемлекетті бағдарлап, бақытты елдердің рейтінгін түзіп шыққан.

Тізімді түзіп шығар кезде негізгі алты критерий бойынша анықталған: Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, өмір сүру ұзақтығы, қиын жағдайлардағы әлеуметтік қолдау, сайлау еркіндігі, үкіметке сенім мен жомарттық. Социологтар соңғы сұрақты сауалнама арқылы анықтайды. Олар ел тұрғындарының қайырымылыққа қаншалықты көңіл бөлетіндігін білген.

4

Ең бақытты адамдар Норвегия, Дания, Исландия, Швейцария, Финляндияда тұрады. Ал ең бақытсыз елдер – Руанда, Сирия, Танзания, Бурунди және ОАР.

ТМД елдері арасынан Өзбекстан 47, Ресей 49, Молдова 55-орынға тұрақтаған. Ал Беларусия 67, Қырғызстан 98, Украина 132 орын алыпты.

Талқылау