Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазгидромет: Атырау облысына су тасқынының екінші толқыны келе жатыр

Қазгидромет Атырау облысына су тасқынының екінші толқыны келетін күнді атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Ведомство 3 мамырда Батыс Қазақстан облысынан үлкен су ағынының келуіне байланысты облыста су тасқынының екінші толқыны өтетінін хабарлады.

"Орал өзені – Махамбет ауылы мен Орал өзені – Атырау қаласының гидрологиялық бекетінде су деңгейінің артуы болжанды. Қауіпті белгілердің артуы Жайық өзенінің бойындағы Махамбет ауданында (Махамбет, Талдыкөл) және Атыраудың (Алмалы, Береке, Еркінқала) әкімшілік аумақтарында орналасқан елді мекендерді су басуына әкелуі мүмкін", – делінген Қазгидромет мәлімдемесінде.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, облыста су тасқынының алдын алу шаралары басталып кетті. Ұзындығы 506,7 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері салынып, бес миллионға жуық (4 882 352) құм салынған қап төселді.

"Орындалған жұмыс көлемі нақты өлшеу қорытындысы бойынша жағалау сызығының жалпы ұзындығын ұлғайту есебінен 95,5% болды (бастапқыда картографиялық деректер бойынша жоспарланған ұзындығы – 105 шақырым). Жайық өзенінің үлкен ағысын Атырауға қарай түсіруге арналған негізгі арналардың бірі "Соколок" каналында жағалауды нығайту толығымен аяқталды", – деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Соколок" каналының өткізу қабілеті секундына шамамен 100 текше метр суға тең. Каналдың ерекшелігі – ол  Жайық өзені мен Каспий теңізін қосып, қаланы айналып өтеді. Оның ұзындығы – 32 шақырым.

Соколок каналының өткізу қабілеті – секундына шамамен 100 текше метр. Каналдың артықшылығы – Жайық өзені мен Каспий теңізін қосады, қаланы айналып өтеді. Ұзындығы – 32 шақырым.

"Соколок каналының бастапқы жоспары бұрыннан бар каналды бөгеттермен нығайту болатын. Бірақ сараптамадан кейін ескі каналға параллель жаңа канал қазу туралы шешім қабылданды. Өйткені оның батпақты жерлері көп және оларға техниканың қолжетімдігі шектеулі. Жаңа арнаның өз бөгені бар, ол барлық стандарт бойынша нығыздалған. Оның биіктігі – Балтық белгісі бойынша 21 метр", – деп хабарлады Атырау облысының әкімдігі. 

Ресми деректерге сүйенсек, Атырауда жағалауды нығайту жұмыстарына 570 бірлік техника, түрлі ұйымдардың 948 қызметкері, 2709 ерікті жұмылдырылған.

Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй алаптарының бекіністерін тексеру кезінде Атыраудың су тасқынының болжамды екінші толқынына дайындығын бағалады. Сол кезде елдің батысында Ресейдің Ириклин су қоймасынан су ағызу себебінен, сондай-ақ Жайық өзеніне келетін су салдарынан "жағдай күрделі болып қала беретіні" айтылды.

Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің батысындағы су тасқыны жағдайы бойынша жедел кеңес өткізгенін хабарлаған едік. 

 

Талқылау