Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында әйел туған қызын жәбірлеген көңілдесін сотта жақтап шықты

Ақмола облысында ұзақ мерзімге сотталған педофилді жәбірленген қыздың анасы сотта жақтамақ болды.

0032

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Азамат А. пышақпен қорқытып, өз көңілдесінің 16 жасар қызын зорлаған екен. Жәбірленушінің анасы тергеу аяқталған соң, сотта өзінің көңілдесін жақтап, оны қылмыстық жауапкершіліктен құтқармақ болды.

Алайда прокуратура бұлжытпас деректер мен дәлеледер негізінде істі соңына дейін жеткізді. Бұрын төрт рет сотты болған 35 жастағы ер адамның көңілдесін пышақпен қорқытып, қамап қояды да, кәмелетке толмаған қызды үйінен алып кеткені анықталды.

Сот үкімімен ол 13 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтейді. Айта кетсек, бұл облыста жәбір көрген қыздың анасы сотталушыға болысып шыққан алғашқы жағдай емес. Прокуратураның деректеріне сәйкес, өткен аптада азамат П. сотталды. Ол екі жыл бойы көңілдесінің 10 жастағы баласына жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған. Бұл жағдайда да жәбірленушінің анасы көңілдесін жақтаған. Алайда құқық қорғау органдары әйелді райынан қайтара білді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық ана қызын бермей қойған кедей жігіт байыған кезде қатты өкінді

Психолог: Жақыныңыздың күнәсін кешіргіңіз келсе, оны “өлтіріңіз”

Ардагерлер үйіндегі қария қызметкерлердің күн көрсетпейтінін айтып налыды

Бақытты азаматтар әйелін ұратын жігіттерге кеңес берді

STAN.KZ
Жұма, 07 Сәуір, 2017 14:37
Талқылау