Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақылды технологияны қолданған кезде қандай әңгімелерді айтпау керек — IT-маман түсіндірді

Ақылды техниканы қолданған кезде жеке ақпараттар айтудың қажеті жоқ. Мұны "ИТ-Резерв" компаниясының директоры Павел Мясоедов айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Маманның айтуынша, ақылды техника иесінің деректерінің арқасында жетіледі.

“Кез келген ақылды гаджеттің алгоритмдері машиналық оқытуға негізделген. Бірақ ақылды құрылғыларды жетілдіруге арналған деректер өздігінен пайда болмайды, бұл біздің әдеттерімізден, сөздерімізден және әрекеттерімізден пайда болады", — деп түсіндірді сарапшы.

Құрылғылардың операциялық жүйелерінде жеке кеңістікті сақтау үшін әр түрлі жазбалар мен бақылау туралы хабарламалар бар. Алайда оны жеке және мемлекеттік арасындағы шекараны реттейтін бірыңғай стандарт жоқ. Сондай-ақ барлық өндірушілер құпиялылық мәселелеріне тиісті назар аудара бермейді.

"Құпиялылықты сақтау үшін электрондық көмекшілерді қолданған кезде жеке және іскерлік мәселелерді талқыламаған жөн. Құрылғыларды іске қосу кезінде пайдаланушы келісімдерін оқу өте маңызды", — деді Павел Мясоедов.

Гаджеттерді басқаруға арналған қосымшаларда артық деректер болмауы керек. Өйткені бағдарламалық жасақтамаға тіркелу кезінде оны толтырып тастаймыз, ал толған ақпарат қайда кететіні белгісіз.

"Ақылды шайнекті немесе шаңсорғышты сатып алмас бұрын, бұл сізге шынымен қажет нәрсе ме деп өзіңізден сұраңыз. Шынында да, кейде трендтерге ұмтылу үшін біз үйді аса пайдасы жоқ , тіпті қауіпті гаджеттермен жабдықтаймыз", — деп қорытындылады Мясоедов.

Талқылау