Ақбота Сейтмағамбет сүйіктісінің Дәурен Айдарқұлов екенін ақыры мойындады (фото)
КешYou тобының бұрынғы әншісі Ақбота Сейтмағамбет таңдаған жігітінің танымал әзілкеш, шоумен Дәурен Айдарқұлов екенін мойындады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірнеше сағат бұрын әнші Айдарқұловпен және екі ересек әйелмен (желідегілер екі жастың анасы болуы мүмкін деп болжады) бірге түскен суретін жүктеді.
“Сәлем достар! Жеке сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады, кешке жауабын оқисыздар”, – деп жазды ол бөліскен суретінің жанына.
Одан кейін Айдарқұлов екеуінің жеке түскен суретін парақшасына жүктеп:
“Өзіңізді жайлы сезінетін, жаныңызға рахат сыйлайтын жерде болыңыз, бақыт бар”, – деп жазып қойды.
Жанкүйерлер Ақботаның бұл қылығын түсінбей дал болды. Себебі бұған дейін ол “болашақ жарым Дәурен Айдарқұлов емес, оның шоу-бизнеске мүлдем қатысы жоқ” деп жар салған болатын.
Айта кетейік, Баян Есентаева жуырда топтан Ақботаның кететінін хабарлаған соң ел арасында түрлі әңгімелер өрбіп кетті. Себебі өз сөзінде танымал продюсер Ақботаның өз сүйіктісін “Гламур для дур” фильмінің түсірілім алаңынан кездестіргенін айтқан еді. Соған қарап жұрт Ақботаны фильмдегі жұбы Дәурен Айдарқұловқа қосты. Тіпті, желіде өзін Дәурен Айдарқұловтың әйелімін деп таныстырған әйелдің парақшасы пайда болған еді. Онда әйел Ақбота Сейтмағамбетті “үш баламның әкесінен айырды” деп айыптаған. Алайда кейінірек әнші бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.
Жіберіп алмаңыз:
Айнұр Тұрсынбаеваға пародия салған жігіт ақынның өзін таңдай қақтырды (видео)
Жазира 8 наурыз мерекесіне Жанболаттың шұлық сыйлағанын айтып күлдірді
Димаш Құдайберген тұңғыш президент қоры сыйлығының лауреаты атанды
Мейрамбектің әнін нақышына келтіре орындаған армян қызы көпшілікті сүйсіндірді (видео)