Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаеваға пародия салған жігіт ақынның өзін таңдай қақтырды (видео)

Айнұр Тұрсынбаева өзіне пародия жасаған әзілкештерге таңдай қақты. Оның пайымдауынша, “Өнер қырандары” театрының актері оның даусын, айтысу мақамын айнытпай салған.

турсынбаева пародия

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Маған жасалған пародияның 20 шақты түрін көрдім. Бірақ өзіме қатты өткені осы болды. Әй, сволыштар-ай айнытпай салыпты”, – деп жазады ақынның өзі.

Мұны көрген желі оқырмандарды қыран-топан болды. Олар расында да актердің Айнұр Тұрсынбаеваға қатты ұқсап кеткенін айтып жатыр.

“Түн ішінде көріп, айқайлап күлемін деп балаларды оятып жібергенмін. Балғынбек залда отырды күліп”, “Бір аунап тұрдым”, “Иә, екеуіңізді де айнытпай салған, отбасымызбен көріп күлкіге қарық болдық”, “Күшті, сөз жоқ, нағыз Айнұр ханым”, – дейді желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

14 жастағы алматылық қыз ресейлік «Голос. Дети» байқауына қатысты (видео)

Жазира 8 наурыз мерекесіне Жанболаттың шұлық сыйлағанын айтып күлдірді

Димаш Құдайберген тұңғыш президент қоры сыйлығының лауреаты атанды

Баян Есентаева ҰБТ сұрағында өз есімінің аталуына қатысты пікір білдірді

Талқылау