Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира 8 наурыз мерекесіне Жанболаттың шұлық сыйлағанын айтып күлдірді

Әнші Жазира өнердегі әрі өмірдегі жұбы Жанболаттың 8 -наурызға жасаған сыйлығын айтып, тыңдармандарын ду күлкіге қалдырды.

жазира байырбеова 040317

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әншіге “Жанболат сізге 8-наурызға не сыйлады?” деген сұрақ жылда қойылады екен. Бұл ретте Байырбекова тыңдармандарына алдын ала жауап берді.

“Алдын ала 8 мартқа сыйлығымды беріп қояйын” деп бүгін носки (шұлық) сыйлады. Ол бірақ мереке болмаса да маған көп сыйлық жасап тұрады. Кейде үйге азық-түлік ала келеді, кейде есіктің алдындағы гүлді үзіп алып келеді, кейде ас үйде тұрған алманың ең әдемісін таңдап әпереді, айта берсек көп қой.
Сыйлықтың қанша тұратыны, қайдан алатыны емес, қандай көңілмен бергені бағаланады.
Мен бұрын “Жанболат маған сыйлық жасамайды” деп санайтынмын. Қазір ойлап қарасам сыйластықтың өзі сыйлық екен ғой”, – деп жазады Жазира. 

Оның бұл жазбасын оқыған желідегілер қыран-топан болды. Кейбіреулер “әйелдер мерекесіне шұлық сыйлау әбестік” деп сөксе, ендігілер әншінің қарапайымдылығына, ашықтығына таңданып жатты.


8 наурызға арналған ерекше құттықтаулар

Талқылау