Ақбота Сейтмағамбет: Ешкімнің отбасын бұзған жоқпын

КешYOU тобының әншісі Ақбота Сейтмағамбет жеке өмірі туралы сыр шертті. Ол таңдаған жігітінің Дәурен Айдарқұлов та, Ержан Мұқатаев та емес екенін ашық түрде мәлімдеді. Сондай-ақ, желі оқырмандарынан өзі туралы түрлі дақпырт әңгімелер таратуды доғаруын өтінді, деп хабарлайды Stan.kz.

акботик-кеша

«Қайырлы күн, достар! Сіздерге өзімнің жеке өмірім жайлы айтқым келіп отыр! Иә, Ержан мен Али, Дауренмен… бәрімен де қосып шықтыңыздар! Енді сіздерге айтарым: “Мен ешкімнің отбасын бұзған жоқпын! Менің Д.А-пен ешқандай қарым-қатынасым жоқ! Кинода да маxаббат, өмірде де маxаббат болып кетіпті дегендерге: Ол кісіге қосуды доғарыңыздар! Менің тұрмысқа шығатын болашақ жарым мүлдем өнер адамы емес! Ал Даурен Айдарқұловқа келетін болсақ, олар өз отбасылық жағдайын өздері шешсін! Тек мені араластырмауларын сұраймын! Мен ешкімнің отбасын бұзған жоқпын!

Білемін мені қанша қарғадыңыздар, жек көріп кеттіңіздер, ластадыңыздар, түрлі-түрлі жүрекке тиер сөздер айттыңыздар. Мен бәрін түсінемін. Алла қаласа келесі жылы той! Әркім өз отбасымен бақытты болсын! Өздерінің лас тірліктеріне мені қоспасын! Егер де бақытты отбасы болса, осыншама айxай-шу шығарып, елді дүр сілкіндірмес еді! Не дейін енді, бақытты болыңыздар», – деп жазды Ақбота желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Баян Есентаева жуырда топтан Ақботаның кететінін хабарлаған соң ел арасында түрлі әңгімелер өрбіп кетті. Себебі өз сөзінде танымал продюсер Ақботаның өз сүйіктісін “Гламур для дур” фильмінің түсірілім алаңынан кездестіргенін айтқан еді. Соған қарап жұрт Ақботаны фильмдегі жұбы Дәурен Айдарқұловқа қосты. Тіпті, желіде өзін Дәурен Айдарқұловтың әйелімін деп таныстырған әйелдің парақшасы пайда болған еді. Онда әйел Ақбота Сейтмағамбетті “үш баламның әкесінен айырды” деп айыптаған. Алайда кейінірек әнші бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Бесбаевтың қызы мектепте «МузАрттың» әйгілі әнін орындады (видео)

Меруерт Түсіпбаева: Алдымен бала туып, сосын тұрмысқа шықсам деймін

Танымал кәріс әншісі қазақ тілінде Ninety One тобының әнін шырқады (видео)

Ділназ Ахмадиева отбасылы еркекті сүйіп қалғанын ашып айтты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр