Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адуынды енесі мен сырқат жұбайына қарады": Ләйлә Сұлтанқызы анасының көрген қиындықтары туралы сыр шертті

Танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы халықаралық аналар күніне орай жантебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Медиа маманның айтуынша, анасы туралы жазбаны жариялаймын деп жүргеніне 7-8 жылдай болған. 

“Осы постты жазғым келіп жүргеніне 7-8 жылдай болды десем, күлетін шығарсыздар🫣 Бүгін елімізде аналар күні тойланып жатыр. Өзім мамаммен бертін ғана сырласа бастаған қызбын. Білмеймін, әлде әкеме жақын болдым ба… (әкем 21 жыл бұрын дүниеден өтті) Есейген шақта да "мамам уайымдамасын" деп көп нәрсені жасыратынмын. "Ұят болады" тағы бар. Тұрмысқа шыққанда, бала босанғанда, жұмыстағы проблемалар сияқты түрлі жағдайлар көп қой әйелдерде, бәрін айтуға қысылатынмын. Іштей тынып, қоя саламын сонда. Сөйтсем, бұл мінезім анама тартқан екен ғой”, – деп бастады жазбасын журналист. 



Сонымен қатар анасының қиыншылық пен қайғыны бір кісідей көп көргенін айтып, тағдырдың қатал сынына төзгенін көпке үлгі етті. 
“Мен Дишинкамның қиналған кездерін көп көрдім. Адуынды енесі (қара жер хабар айтпасын), сырқат жұбайы бар, құрылысы бітпеген үй, ала дорба арқалаған кез. Енді балалар есейді дегенде папам дүниеден өтті. Енді немере сүйіп қуанамыз дегенде әжем кетті. Енді немере қызды ұзатып, ұл үйленеді дегенде баласынан айырылды. Қызым орнықты ғой дегенде күйеу баласы да келмеске кетті. Өмір дерсіз, мұны басына түскен адам ғана түсінеді. Бірақ қандай жағдай болмасын уайымдайтын, кешіретін, күресетін, жаныңыздан табылатын адам –АНА”, – деп жазды медиа өкілі. 

Еске салайық, Ләйлә Сұлтанқызы астаналық тұрғынның оқиғасын көпшілікке үлгі еткенін жазған едік. 

Талқылау