Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділбек Ниязымбетов: Өзім таңдаған аруым бар

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов жеке өміріне қатысты кейбір сұрақтарға жауап берді.

01cff79d65537b0b85397bf00e5a308c

Фото:www.kfb.kz 

Спортшы журналистің жеке өміріне қатысты қойған сауалына: “Үйлену туралы бұған дейін де ойланып жүргем. Тек Олимпиаданы өткізіп алайын деп күттім. Енді алдағы уақытта шаңырақ көтерем. Бұл жайлы бір-екі ай ішінде өздеріңіз де естіп қаларсыздар”, – деп жауап берді “Қазақстан” арнасының “Рио төрінде” бағдарламасында.

Әділбек Ниязымбетов “Өмірік жар ететін аруың бар ма? Саған көңілі бар мыңдаған қыздарға не айтасың?” деген сауалға байланысты “Таңдаған өз аруым бар. Екеуміз алдағы уақытта шаңырақ көтереміз деп жоспарлап отырмыз”, – деп қысқа  қайырды.

Боксшы Әділбек Ниязымбетов олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған болатын. Боксшы бұл айқаста мен жеңілдім деп ойламаймын деген еді. Спортшының финалдық жекпе-жегін жариялаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Ниязымбетов: Қиянатқа қалай шыдауға болады, айтыңдаршы…

Егор Мехонцов: Әділбекті ұтқан кубалықтың өнері бокс емес порнография

Рио-2016: Жапаров алғашқы жекпе-жекте ұтылды

Дәулет Шабанбай Олимпиаданың қоласына қол жеткізе алмады

Талқылау