Әділбек Ниязымбетов: Бұл айқаста мен жеңілдім деп ойламаймын

Жұма, 19 Тамыз , 2016 2:35

Рио-де-Жанейро олимпиадасында күміс жүлде иеленген боксшы Әділбек Ниязымбетов жекпе-жек туралы ойымен бөлісті.

57b615d2967dd

Фото: Ізтұрған Алдауов

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

“Мен бүгін ұтылдым деп айта алмаймын. Бапкерлер құрып берген тактиканы ұстанып, қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Алғашқы екі раундтан соң есеп тең 1:1 шығар деп ойладым”, – дейді Әділбек.

Сондай-ақ, ол Ла Круспен кездесудің алдында еш қобалжымағанын, психологиялық тұрғыдан дайын болғанын да айтты.

“Бұл біздің төртінші рет кездесуіміз. Ешқандай қорқу болмады. Оны оңай жеңіп кете алатынымды да сездім. Алайда төрешілер мені жеңбеді деген шешім шығарыпты”, – дейді олимпиада ойындарының жүлдегері.

Күміс жүлдегер кәсіби мансабын әрі қарай жалғастыруға қатысты да өз пікірімен бөлісті.

“Бұл мәселені бапкеріммен ақылдасатын боламын. Отбасым бар. Әлі кәсіпқой шаршы алаң туралы толық ойлана да қоймадым. Ал маған қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге алғысым зор. Енді финалда жұдырықтасатын Иван Дычкоға тек сәттілік тілеймін!”, – деді Әділбек Ниязымбетов.

Еске сала кетсек, Әділбек Ниязымбетов пен финалда айқасқан кубалық Ла Крус басым түскен еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар