Әділбек Ниязымбетовтың финалдық жекпе-жегі (фото, видео)
Риода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан ерлер арасындағы 81 келіге дейін салмақ дәрежесінде Әділбек Ниязымбетов финалдық кездесуде кубалық Хулио Сезар Ла Крузға есе жіберіп қойды.

Фото: inform.kz
Назарларыңызға осы жекпе-жектің видеосын ұсынамыз.
Айта кетейік, бүгін 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жерлесіміз Иван Дычко британдық джо Джойспен кездеседі. Сондай-ақ 75 келіге дейінгі салмақта Дариға Шәкімова финал жолдамасы үшін таласып көрмек.
Дәл осы ойында өнер көрсеткен кубалықтың шаршы алаңдағы қимылын осы салмақта Лондон Олимпиадасында чемпионы атанған Егор Мехонцов “Бұл бокс емес, порнография” деп атады.

Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды