Ниязымбетов: Қиянатқа қалай шыдауға болады, айтыңдаршы…

Жұма, 19 Тамыз , 2016 12:47

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Әділбек Ниязымбетов күміс жүлдегер атанған болатын.

әділбек

Сол жекпе-жектен кейін оны жеңісімен құттықтадық. Ол ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беріп тұрып, төрешілердің өзіне жасаған қиянатын жүрегі қан жылап тұрып жеткізді. Содан да болар, бірден сұрағымызды көңілін жұбатудан бастадық.

– Әділбек, күміс те жаман емес қой. Осы жүлдеге жете алмай кеткен қаншама спортшы бар. Күміске разы емессің бе?

– Жоқ! Мен бұл Олимпиадаға тек алтын үшін келген болатынмын. Ол мақсатыма жете алмадым. Маған күміс таңсық емес. Лондонда алғанмын күміс. Риоға алтын үшін келіп едім. Мен финалда Куба боксшысын жеңдім ғой. Төрешілер менің алтынымды алып қойды. Бұл қиянатқа қалай шыдауға болады, айтыңыздаршы…

– Өзіңе қаншалықты сенімді болғаныңды сезіп тұрмыз. Бірақ, төрешілер солай шешім жасады.Біздің де қолдан келер қайыр жоқ…

– Иә, сіздерді түсінемін. Барынша қолдау көрсеттіңіздер. Сіздер ғана емес, бүкіл Рио халқы мені қолдағандай сезіндім. Себебі, мен жұдырықтасып жүріп залдан  тек, «Қазақстан және Әділбек» деген дауыстарды естідім. Осы дауыстарды естіген сайын өзімді қайрап, алға ұмтылдым. Сол үшін барымды салдым. Сіздерді ұялтқым келмеді. Өкінішке қарай, төреші қарсыласымның қолын көтерді. таң қалдым.

– Бұл жағдай осыған дейін Левиттің жекпе-жегінде де болды. Өзің көрдің. Сен күмәнсіз ұту үшін қарсыласыңды құлатуың керек пе еді?

– Иә, құлатуым керек еді. Бірақ, ол да мықты боксшы. Құлайтын боксшы емес. Ал мен оны құлата алмасам да, ұтқаныма сенімді болдым. Ол маған ештеңе істей алған жоқ. Өздеріңіз көрдіңіздер, қашып жүріп алды.

– Сен 16 жалдан кейін Болат Жұмаділов ағаңның ерлігін қайталадың. Білетін де боларсың?

– Әрине! Бірақ, қазір «ұстаздан шәкірт озған» заманда бұл көрсеткіш мен үшін төмен нәтиже. Ол ағам нағыз алтын еді. Ол кезде қазіргідей барлық жағдай жасалмаған. Мені ол кісімен еш салыстыруға келмейді. Жұмаділов ағамыз нағыз алтын азамат.

– Сен өзге елде туып, қазақ еліне Олимпиаданың екі бірдей күміс жүлдесін сыйладың. Бұл да үлкен қуаныш емес пе?

– Мен Қарақалпақстаннан ерте келдім. Негізгі балалық шағым осында өтті. Спорт мектебін де осында бастадым. Мен өзге елде тусам да қаным қазақ, жаным қазақ. Мені қазақ елі есейтті, өсірді, жетілдірді. Мен екі күміс емес, екі алтын сыйласам да аздық етеді.

Осы жекпе-жек өтерден бұрын қандай көңілкүйде болдың?

– Көңіл-күйім тамаша болды. Дайындығымды да өте жақсы еді. Бапкерлерім не керек, бәрін ойдағыдай үйретті. Алдын ала қарсыласымды да қатты зерттедік. Осал жақтарын көріп, солай жұмыс істедім. Менің есебім бойынша жеңіс менікі болатын.

– Бұл жеңісіңді кімге арнайсың енді?

– Күміс болса да, еліме арнаймын. Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы. Алтын алсам, осы айтулы мерекеге арнаймын деп жоспарлаған едім. Бірақ, ол биікті бағындыра алмадым. Барлық жанкүйерлерімнен, халқымнан кешірім сұраймын.

– Енді келесі Олимпиада ойындарына қатысасың ба?

– Ол туралы айта алмаймын. Елге барып, ес жиып алайық. Сосын, алдағы жоспарымды міндетті түрде сіздермен бөлісетін боламын.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

18
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар