Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әбден шаршатты": Семейде автобустың костюмін киген ер адам алаңға шықты (видео)

Әлеуметтік желіде автобустың костюмын киіп алған ер адамның видеосы тарады. Ол осы күйінде Семей қаласы әкімдігінің алаңына шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде тараған видео кадрларынан ер адамның үстіндегі автобустың костюмінде «№35» деген жазу бары көрінеді. Ер адам басына картон қорап киіп алған. Ер адам осылайша наразылығын білдірмек болған сыңайлы.

«Қоғамдық көліктердің дұрыс болғанын қалаймын. Әбден шаршатты. Адамдарды жібергілері келмейді», - дейді ер адам видеода.

 

Өз кезегінде Семей қалалық әкімдігіндегілер аталған видеоға қатысты пікір білдірді. Олар ешкімге өз пікірін білдіруге тыйым салмайтындарын айтты. Сондай-ақ, қалада қоғамдық көліктерге қатысты проблемалар барын жоққа шығармады.

«Аталған видеоға әкімдіктің қатысы жоқ. Бұл оның жеке ұстанымы. Ешкімге өз пікірін білдіруге тыйым салмаймыз. Бұл мәселеге қатысты көптеген сауал болды. Себебі жеке тасымалдаушылар таңғы 7:00-ден күндізгі 11:00-ге дейін жүреді. Оларда сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін түскі ас уақыты. Осы уақытта адамдар қоғамдық көлікпен жүре алмай қалатындықтан, көптеген шағым түсті. Сонымен қатар автобустың санитарлық жағдайы, жолаушыларға деген дөрекі қарым-қатынас туралы шағымдар да болды. Бүгінгі таңда бұл мәселелер шешіліп жатыр», - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Роллан Кемербаев.

Өз сөзінде ол бүгінгі таңда аталған мәселелердің шешіліп жатқанын айтты.

Баспасөз хатшысының сөзінше, қала басшысы кеше және бүгін тұрғындар, жүргізушілер және кондукторлармен кездескен. Ол таңертең автобустардың кестесін, бағытын тексерді, дейді.

«Алдағы уақытта барлық мәселе шешімін табады деп ойлаймыз. Қала әкімі жолаушылардың тасымалдаумен айналысатын жекеменшік кәсіпорындарға өз автокөлігін жаңартуға мүмкіндік берді», - дейді әкімнің баспасөз хатшысы.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Еліміздің үш облысында қатты жел соғып, найзағай ойнайды

Кейбір облыстарда ауа райы бұзылады

Қарағандыда әйелімен ұрсып қалғаны үшін 2 жасар қызының мойнына пышақ кезеген ер адам сотталды

Күйеуі қашып кеткен әйелін қайтару үшін қызын кепілге алған

Жамбылда төрт адам Сібір жарасын жұқтырған

Мал дәрігерлері кеселдің қайдан келгенін білмей жатыр

Медициналық сақтандыру: Енді жұмысшы жалақысынан 1 пайыз, жұмыс беруші 2 пайыз қаражат аударып отырады

Қай аурухана немесе емханада адам көп емделсе, соған қордан қаржы көбірек аударылады

"Олар не кеңес айтады" Досхан Жолжақсынов әкімнің кеңесшісі болған Мейрамбек Бесбаев пен Қыдырәлі Болмановты сынады

Актер: Бұл биліктің осалдығы

Тоқтар Төлешовтен 1,2 млрд теңге мемлекет пайдасына өндірілді

Бұл сома сот үкімін орындау аясында бюджетке түсті

Кей өңірде дауыл соғады: Алдағы күндердің ауа райы болжамы

Еліміздің үш аймағында дауылды ескерту жарияланды

Дәрігерлер көз жұматынын айтқан: Аз өмірі қалғанын естіген күйеу жігіт үйленуге асықты

Дәрігерлер жігітке екі жылдан кейін көз жұматынын айтты

«Тағдырдың сынағы болар, еш өкпем жоқ...»: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әнші: 30 жасыма дейін өзіме 20 рет қол жұмсамақшы болдым

"30 жасыма дейін 20 рет өзіме қол салуға ұмтылдым": Марқұм Жанар Хамитова сұхбаттарында не айтты?

Әнші: "Бұл өмірде ештеңе бекерден бекер болмайды екен"
Çàãðóçêà...