Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зорлап өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Жамбыл облысында педофил соңғы демі қалғанша түрмеде отыратын болды

Жамбыл облысында орын алған 9 жасар қыздың өліміне қатысты оқиғаға нүкте қойылды. Сот қылмыскерді өмір бойына темір торға қамауды шешті. Бұған қоса ол химиялық кастрациялаудан өтеді. Соттың мұндай қатаң шешімге келуіне тергеу барысында анықталған мәліметтер себеп болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

9 жасар Аруай биден кейін үйіне қайтпай қалған. Оны іздеуге бір күннен астам уақыт кетіпті. Соңында оның денесінің жанып кеткен қалдығы табылған. Қылмыскердің қыз баланы зорлап өлтіріп, оның денесін өртеп жібергені анықталған. Видеобақылау камераларынан сотталған ер азаматтың велосипедпен қызды алып кетіп бара жатқаны түсіп қалған. Қыз ер адамды таныған көрінеді: оған дейін қылмыскер жеткіншек қыз тұратын үйде орналасқан шаштаразға бірнеше рет келіпті.

Сотталушы алғашқы бес жылын қауіпсіздігі жоғары абақтыда, содан кейін өмірінің соңына дейін қауіпсіздігі ең жоғары түрмеде өткізеді. Ол химиялық кастрациядан өтетін болады. Түрмеге жабылғандығына қармастан, айыпталушыға бұдан былай балаларға жолауына тыйым салынады.  

Сотталған азамат алты жыл бұрын 12 жастағы қызды зорламақшы болған, алайда бұл ойынан тез айнып, оны жібере салған. Ал Қаратаудағы оқиға байғұс қыздың өлімімен аяқталыпты.

"Сот міндетті түрде қосымша жаза тағайындайды. Қылмыс кәмелет жасына толмаған қыздың өлімімен аяқталғандықтан, айыпталушы өмірінің соңынан дейін түрмеде өткізеді", - деді судья Айдарбек Замбаев.

Талқылау