Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

600-ден астам жәбірленуші бар: Грузияда қаржы пирамидасын құру ісі бойынша іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды

Грузияда 2020 жылдың наурыз айынан бері қаржы пирамидасын құру ісі бойынша іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бас прокуратураның таратқан ақпаратына қарағанда, ол қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық жасады деп айыпталуда, келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астам құрады. Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.



Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші деп танылған.

Қамауға алынғанын жариялаған Бас прокуратура қаржы пирамидасының атын да, ұсталған адамның аты-жөнін де атамады.

Талқылау