49 миллион теңге шығын: "Қазақфильмде" өртенген декорацияны қалпына келтіру мүмкін емес
«Қазақфильмде» болған өрттен кейін студияда стихиялық тұрғыда жанды деген нұсқасы жоққа шығарылды. Ал шығынның өзі шамамен 49 миллион теңгеге бағаланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме беріп.
Тергеушілер өртенген қойма мен декорация орнында жұмыс істеуде. Кинокомпанияның өзі де өз тексерістерін жүргізуде.
"Орман қоймасы ашық жерде болды. Онда жанғыш материалдар, электр сымдары болмаған, демек өздігінен өртену фактісі жоққа шығарылады. Біз қасақана өртеу нұсқасын ұстанамыз. Осы сәтте бірінші болып шыққан куәгерлердің айтуынша, олар өрттің екі жерде болғанын растады. Қазіргі уақытта өрттің алдын ала шығыны 49 миллион теңгені құрайды", - деді «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінің бас менеджері Бауыржан Үсенов.
Киностудия басшылығы «Қазақ хандығы» тарихи фильмінің жойылған декорациясын 47 миллион теңгеге бағалады. Бұл декорацияны салуға шамамен сегіз ай уақыт кеткен. Мұның бәрін қалпына келтіру мүмкін емес, дейді киностудиядағылар.
Нысан қоймадан сәл кешірек өртенген. Жалынды бірінші болып декораторлар мен күзетшілер көрді. Олар өрт сөндірушілерді шақырған. Қызметкерлерден полиция тарапынан жауап алынған. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция әзірге толық мәлімет берген жоқ.
Айта кетейік, 14 тамызда Алматыдағы "Қазақфильм" киностудиясында қатты өрт болып, "Қазақ хандығы" кинокартинасына декорацияны жойған. Кейінірек "Қазақфильм" президенті Ақан Сатаев "Қазақ хандығы" өртті қасақана ұйымдастырылған әрекет деп бағалады.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
