300 000 адам: Ресейдің қорғаныс министрі мобилизация кезінде кімдердің әскери қызметке шақырылатынын айтты
Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу мобилизация кезінде кімдердің әскерге шақырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жекелей мобилизация кезінде Ресейде 300 000 адамды әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр.
"Жекелей мобилизацияда әскери борышын өтегендер, әскери білімі мен тәжірибесі бар азаматтар шақырылады", – деді ол.
Министрдің сөзінше, мобилизация кезінде студенттер әскерге шақырылмайды. Сонымен қатар әскери борышын өтеп жүргендер де Украинаға жіберілмейді.
"Ресейде мобилизациялық қор үлкен, 25 миллионға жуық. Жекелей мобилизацияға тек 1%-дан астамы ғана шақырылады", – деп толықтырды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Сергей Шойгу Украина-Ресей арасындағы қақтығыс кезінде көз жұмған сарбаздар санын атаған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"