Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 миллиард теңгеден астам пайда тапқан: Ұлытау облысында марганец рудасын шетелге заңсыз сатқан тұрғын сотталды

Ұлытау облысында тұрғын темір-марганец рудасын Ресейге заңсыз сатып, 3 миллиард теңгеден астам пайда тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Қаржы мониторингі агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті жергілікті тұрғынға қатысты жер қойнауын рұқсатсыз пайдалану және қылмыстық табысты заңдастыру фактісі бойынша тергеу жүргізді.

“Күдікті 2020-2023 жылдар аралығында "Шығыс Қаражал" карьерінен марганец рудасын лицензия мен жер қойнауын пайдалану келісімшарты жоқ болса да, заңсыз өндірген. Нәтижесінде алынған руданың көлемі 16 мың тоннадан, ал мемлекетке келген шығын 1,1 миллиард теңгеден асты”, – делінген хабарламада.



Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында ол жалған келісімдер жасап, өзіне бақылаудағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арқылы өңделген темір-марганец рудасын елімізде және Ресей Федерациясында сатқан. Сауданың нәтижесінде қылмыстық табыс 3,5 миллиард теңгеден асты.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ оның 97,8 миллион теңгеге бағаланған мүлкі, соның ішінде 5 автокөлік пен ауыл шаруашылығы қожалығы тәркіленді.

Талқылау