Жетісу облысында шенеуніктер фермерлерге арналған дизель отынын заңсыз сатқан
Жетісу өңіріндегі әкімдіктер фермерлерге арналған дизель отынын заңсыз сатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
фото: ortcom.kz
“Талдықорған қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің құны 4,5 млн теңге болатын фермерлерге арналған арзандатылған дизель отынын заңсыз сату фактілерін анықтады”, – делінген прокуратура хабарламасында.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері жоқ тұлғаларға көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 22 тоннадан астам жанар-жағармай сатылғаны анықталды.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша әкімдіктің кінәлі тұлғалары жауапқа тартылды.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған