"19 рет тұрмысқа шыққан": 58 жастағы әйел 11 күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: istockphoto.com
58 жастағы ирандық әйел 11 күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gulf News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
58 жастағы әйел 2023 жылғы қыркүйекте 82 жастағы күйеуінің күмәнді өліміне байланысты ұсталған.
Басылымның мәліметінше, ер адам қайтыс болар алдында жақындарына әйелінен күмәнді әрекеттер байқағанын айтқан. Оның өлімінен кейін марқұмның ағасы полицияға барып, сараптама мен тергеу жүргізуді талап еткен. Сараптама нәтижесінде әйел қамауға алынды.
Тергеу барысында әйел 11 күйеуін өлтіргенін мойындаған. Әйелдің айтуынша, ол әрдайым жалғызбасты, егде жастағы және ауыр науқас, ауқатты ер адамдарға тұрмысқа шыққан. Әйел барлық жағдайда күйеуге тек қалыңмал алу шартымен шыққан, ал кейін күйеулері сырқаттанып, біртіндеп қайтыс болған. Әйел алғашқы құрбанының бірін алдымен техникалық спиртпен улап, сосын тұншықтырып өлтірген көрінеді.
Қарағандыда әйел өзіне пышақпен шабуылдаған азаматтық некедегі күйеуін абайсызда өлтіріп қойды
Әйел күйеуін ұнтақталған чили бұрышымен өлтірген
Басылымының мәліметінше, әйел күйеулеріне гипертония немесе қан қысымы дәрілерін сусындарға ерітіп беріп, дозасын біртіндеп арттырып отырған. Ер адамдардың жағдайы нашарлаған кезде, әйел оларды ауруханаға апарып, қамқор жар рөлін ойнаған. Емнен кейін қайтадан дәрі-дәрмектердің дозасын қайта көбейтіп, күйеулері қайтыс болған соң, олардың мүлкінен мұра алу мақсатында әрекет еткен.
2001 жылдан 2023 жылға дейін әйелдің 19 ресми некесі болған. Әйелмен некеде болған ер адамдардың барлығы көз жұмғандықтан, тергеушілер күдіктінің құрбандары 11-ден көп болуы мүмкін деп күдіктенеді.
Еске салсақ, бұған дейін Семейде күйеуін көсеумен сабаған әйел 3 жылға сотталғаны туралы жазған едік.

Соңғы бес жылда 1,5 миллиардқа жуық теңгеге 47 мультфильм түсіріліп, тек төртеуі экранға шыққан
