Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 18 немеренің әжесі 45 жылдан бері жылқы бағып жүр

Қарағандыда 18 немеренің әжесі 45 жылдан бері жылқы бағып, шаруа қожалығының жұмысын басқарып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеп хабарлайды. 

Алтын Мамыраева өз аймағында "Жылқышы ана" атанып кеткен. 45 жылдан бері  аттан түспеген, бірде-бір рет құоап көрмеген. Қазір отбасылық жеке шаруа қожалығының өрісін кеңейтіп отырған оның өмірлік срегіде өңірге танымал жылқышы. Малдың жайын білетен бесаспап Алтын Мамыраева шаруа ісінде аса белсенді. 

"Інім екеуміз жарысатынбыз. Ауылдан шыға 40 шақырымдай жерге дейін шабатынбыз. Сонда алдында мен кететінмін, бауырым артымда қалып қоятын. "Апатай, бірінші кетіп қалдыңыз" деп інім қиқар салып жылайтын. Жалдасымыз екеуміз ауыл-ауылға барамыз, қонаққа шақырады. Екеуміз екі атпен жолға шығамыз. Жолдасым Алтын екеуміз жарысайық деп айтады. Тағы да алдына мен шығып кетем, жұбайым ылғи сен озасың деп намыстанады", - дейді Алтын Мамыраева. 

Ол үй шаруасынан бөлек шөп жинайды, қи ояды, тіпті, малды да сояды. 

"Қолымыз тимей аяқасты қонақтар келіп қалғанда, өзі малды соя салады. Бірақ бірінші ұлдарға бауыздатып ырымын жасайды. Сиырды да жылқыны да жіліктеп сояды. Біз ет дегенге жоламаймыз. Өзі сойып, өзі тұздайды", - дейді жұбайы Нұрлан Отарбаев. 

Алтын Мамыраеваның 10 баласы 18 немересі бар. Алып анадан туады демекші, перзенттері әлемдік аренадан ел туын желбірітіп жүрген спортшылар. 

"Алла күш-қуат берсе сексенге келгенше ат үстінде отырамын деп ойлаймын. Арғымақтарым аман болсын", - дейді алтын құрсақты ана.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 14 Сәуір, 2021 16:57
Талқылау