17 жасқа толған күнінде Кира Данилова жастар арасындағы Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды
Фото: instagram.com / wf_rk
Астанада жасөспірімдер мен жастар арасында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан атынан сынға түскен Кира Данилова 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жеңіс оның туған күнімен тұспа-тұс келді, Кира 8 шілде күні 17 жасқа толды.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Кира қос сайыс нәтижесінде жалпы 198 келі (серпе көтеруде — 111, жұлқа көтеруде — 87) зілтемірді бағындырды.
Үздік үштікке тағы бір қазақстандық спортшы — Софья Шальгина да енді. Ол 175 келі (82+93) нәтижемен үшінші орынға тұрақтады. Ал күміс медальді 186 келі (81+105) көрсеткішімен өзбекстандық Динура Холдорова жеңіп алды.
Бұған дейінгі жарыс күндері Едыге Емберді мен Нұржан Жұмабай сәтті өнер көрсетіп, рекорд жаңартып, жүлдегер атанған еді.
Талқылау

“Енем басқа дінде болса да, мен үшін мешітке барды”: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы өмірі туралы айтып берді
Айгерім: “Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”

"39,4 мың адам таза суға жете алмай отыр": Қазақстанда су инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен қанша қаржы бөлінді
Ақмола облысының қалалық елді мекендерінің 99%-ы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған