Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"10 күн далада қондым": Блогер Ердос Усабаев әкесіне реніші, ақшаға лақтыру, жеке өмірі жайлы айтты

Көпке танымал блогер Ердос Усабаев жеке өмірі мен танымалдыққа қалай жеткенін айтты. Алматыға жалғыз өзі келіп, ақшаның көзін тапқан. Белгілі хореограф, блогер атанған ол туыстарына реніші, анасына махаббаты мен мінезі жайында ашық айтты. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының TABOO бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ердос Усабаев 19 жасында Талдықорғаннан Алматыға жалғыз келеді. Туыстарының үйінде тұрғанымен, олардан көрген қорлығым көп дейді өзі. Әкесі жағында ешбір туысымен араласпайды. Ал анасын әлемдегі ең дана, ең ақылды әйел санайды. 

“Мен студент кезінмде Алматыда әкемнің ағасының үйінде тұрдым. Бірақ мен туыстарыммен қазір араласпаймын. Маған көрсетпегені жоқ. Қазір ешбір туысыммен араласпаймын. Әкемнің өзімен дұрыс сөйлеспеймін. Біздің отбасын ұстап тұрған –  менің анам. Анамның арқасында сол туыстардың жамандығы білінбей отыр. Анам ең дана әйел. Бірақ әкемнің бір гүл беріп, көңілін қуантқанын көрмеймін. Анамның қадірін білмейді. Әкемнің соншалықты жолы болған”, – дейді ол. 

Блогер туыстары қуған соң он күн далада қонғанын айтады. 

“Мен далада қондым. Ол кез жаз кезі болатын. Оқып жүрген кезім. Арбатта түнедім. Қазір күлкім келеді. Сол ездегі туыстарымның әрекетін әлі ұмытқан жоқпын. Әлі күнге араласпаймын. Қазір қонаққа шақырып жүреді”, – дейді блогер. 

Бүгінде өз табысы өзіне жетеді. Тісінің өзін 10 миллион теңгеге жасатқанын айтып қалды. Өзін кәсіби бишімін деп санайды.

“Менің қазіргі қаламақым жоғары. Сұраныс көп. Баян Мақсатқызымен, 91 тобымен жұмыс істедім. Баян Мақсатқызы продюсер ретінде өте жақсы маман. Онымен жұмыс істеген ұнады. Ал басқа шоу-бизнес өкілдері лақтырып кетті. Талай бағдарламада солай болған. Қазір жобаларым бар. Көлігім, үйім бар. Қазақтар бишімін десең, біртүрлі қарайды. Қашанғы билеп жүресің дейді. Бишілер билемей-ақ ақша таба алады. Би орнын аша алады. Жұмысшы жалдай алады. Бұны шетелде жақсы түсінеді”, – дейді ол. 

Ердос өзіне ұнайтын қыздар жайлы айтты. 

“Мен өзін күткен қыздарды жақсы көремін. Өзіне қарайтын қыздар жақсы. Шашынаг хош иіс шығып тұрған ұнайды. Маған бір қыз опасыздық жасаған. Көзіме шөп салды. Бірақ мен онымен үйленемін деп ойлаған жоқпын. Жалпы қыздардың сапасына қарамаймын. Мынандай болу керек деген талап жоқ. Себебі сен адамыңның қандай болатынын білмейсің. Талабың басқа болуы мүмкін, бірақ өзің басқа қызды сүйіп қалуың мүмкін. Қыздарда да солай емес пе? Бәрі өзіміз қалағандай бола бермейді”, – деді блогер жігіт. 


"Ерболат мені лақтырды": Белгілі хореограф Беделханға төрт ай тегін жұмыс істегенін мәлімдеді

Талқылау